Италияда мигранттарға орын жоқ
Италияның Лампедуза аралына ағылған мигранттардың нөпірі толастар емес.
Оларды орналастыратын орын жетпей жатыр. Осыған қатысты Еуроодақтың өзге елдерінен көмек сұрап отыр. Негізі Африкадан Еуропаға бет алған заңсыз босқындардың көбі ең алдымен осы Италияға, соның ішінде Лампедуза аралына табан тіреп жатады. Жыл басынан елге су арқылы 94 мың заңсыз мигрант келген. Бұл былтырмен салыстырғанда 2 есе көп.