Аргентинада 60 жуық әуе рейсі кейінге шегерілді
Салдарын 10 мыңнан астам жолаушы көріп отыр.
Бұған тасымал қызметіндегі жұмысшылардың ереуілі себеп болған. Багажды жөнелту және жеткізу қызметтерін ұсынатын мемлекеттік компания қызметкерлері 20 сағат бойы наразылық акциясын жасады. Олар жұмыс шарттарын өзгертуді талап етеді. 5 әуежай уақытша жұмысын тоқтатқан. Еңбек министрлігінің өкілдері қызметкерлермен кездесу ұйымдастырған соң ғана, рейстер қайта іске қосылды.