Үндістанның Шимла қаласында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
«Кем дегенде 57 адам опат болды», - деп хабарлайды жергілікті билік.
10 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні лай көшкінінен ғибадатхана құлады. Қазір аталмыш штатта мектептер жабылып, тұрғындар қауіпсіз баспаналарға көшірілді. Қатты жауын-шашын мен мұздықтардың еруі соңғы 2 жылда Үнділер мен көршілес Пәкістан жұртын әбден әбігерге салды. Климаттың өзгеруінен су тасқыны мен лай көшкіні қаупі жиіледі.