Мьянмада шахтаны лай басып қалды

Мьянмада лай көшкіні жүріп, нефрит өндіру шахтасын басып қалған.

Құтқарушылар опат болған 22 адамның денесін шығарды. Оқиға кезінде жер астында нақты қанша адам болғаны белгісіз. Өйткені шахтада өзге елдерден заңсыз келген мигранттар жұмыс істеген. 10 шақты адам әлі іздестіріліп жатыр. Бұл мезгіл өңірде жауын-шашын маусымы болғандықтан, нефрит өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылған. Бірақ көбі ескертулерді елемесе керек. Жалпы Качин штатында лай көшкіні жиі болады. 2020 жылы бұл аймақта осы себеппен 170-тен аса адам көз жұмған.