Түркияда жаңа температура рекорды тіркелді
Елдің орталық бөлігіндегі Эскишехир провинциясында күн райы Цельсий шкаласы бойынша 49 градусты көрсетіп тұр.
Бұл - 2020 жылдың шілдесінен кейін тіркелген ең ыстық ауа райы. Метеорологтар алдағы бірнеше тәулікте аптаптың беті қайтпайтынын айтты. Осылайша Түркиядағы орташа температура маусымдық нормадан 7 процентке асты.