Гавай аралдарындағы өрттен опат болғандар саны артты
Жергілікті билік 110 адамның денесі табылғанын мәлімдеді.
Хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Әлі жүздеген тұрғынның қайда жасырынғаны белгісіз.
Еске салайық, Гавай аралдарындағы Лахай-на қаласы түгел өртеніп кетті. Жан сақтауға тырысқан тұрғындар, теңіз суына, секіруге мәжбүр болған. Жергілікті билік 2200 ғимараттың жанып кеткенін айтады. Шығын көлемі 5,5 миллиард долларға бағаланды.