Канадада бүкіл бір қала тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Оған орман өрті себеп. Әңгіме елдің солтүстігіндегі Йеллоунайф шаһары жайлы.
Мұнда 20 мыңдай адам тұрады. Тілсіз жау қалаға таяп қалған. Сондықтан көлігі бар тұрғындар өз бетінше жолға шығып жатыр. Ал ондай мүмкіндігі жоқтарға билік автобус пен ұшақ дайындаған. Қазір Канаданың солтүстігі мен батысындағы ахуал күрделі. Өңірде 250-ге жуық орман өрті тіркелген. 2 миллион гектар алпақ тип-типыл болды. Тілсіз жаудың түтіні көрші АҚШ-қа жеткен. Соның салдарынан 12 штатта ауаның ластануына байланысы ескерту жарияланды.
Ребекка Элти, Йеллоунайф қаласының мэрі:
- Орман өрті қалаға демалыс күндері жетеді деп болжап отырмыз. Әрине, жаңбыр жауса, жағдай өзгеруі мүмкін. Тұрғындар бірі қалмай шаһардан кетуі тиіс. Жолдар әзірге ашық тұр. Бірақ бірден ескерте кетуіміз керек - ахуал өзгеріп жатса, олардың жабылып қалуы да ғажап емес.