Германиядағы Франкфурт халықаралық әуежайын су басты

 Салдарынан, 70-ке жуық рейс кейінге шегерілді.

Елдегі ең үлкен әуежайдың күту залындарында, бос орын жоқ. Жолаушылар рейстерін сағаттап күтуге мәжбүр. Бұған себеп - ақ жауын. Нөсер жаңбырдан әуежайдың, ұшу-қону жолағын су басып қалды. Метеорологтар алдағы күндері де, жаңбыр тоқтамай жауатынын ескертті.