Ыстамбұлда су тапшылығы туындауы мүмкін
Ал Ыстамбұлда тұщы су тапшылығы туындауы мүмкін.
Жергілікті суқоймалары небәрі 33 пайызға толы. Ондағы тіршілік нәрі ары кетсе 2-3 айға ғана жетеді. Егер қазіргідей аптап ыстық басылмай, құрғақшылық жалғасса, жағдай тіптен ушығып кетуі мүмкін. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. «Олар алдағы 10 күнде жаңбыр жаумайды», - дейді. Сонымен қоса жақын арада температура 30 градустан төмен түсе қоймас деп пайымдайды. Сондықтан билік тұрғындарды суды үнемдеуге шақырып отыр.