Ливан жарықсыз қалды
Елдегі екі бірдей жылу станциясы электр энергиясын беруді тоқтатты.
Өйткені мемлекеттік корпорация олардың алдындағы қарызын өтемеген. Негізі бұл мәселе екі жылдан бері жалғасып келеді. Бүгінде берешек 83 миллион долларға жеткен. Бірақ соның 2 миллионын ғана өтеді. Станция операторлары өткен аптада жарықты өшірмек болған. Алайда билік қордаланған түйткілді шешеміз деп уәде берген еді. Электр энергиясымен қоса қазір судың берілуі де тоқтаған. Өйткені тоқсыз сорғылар жұмыс істемей тұр.