Колумбияда жер сілкінісінен бір адам көз жұмды

Колумбия астанасы Боготада магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінді.

Салдарынан бір әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Reuters. Жерасты дүмпулерінің эпи-центрі, қаладан 40 шақырым жерде тіркелді. Қауіп туралы ескертетін дабыл ойнаған соң тұрғындар дүр-белеңмен сыртқа жүгірген. Қауіпті аймақтағы ауруханалардан науқастар эвакуацияланды. Әзірге келтірілген залал туралы ақпарат жоқ.