Мауи аралының ТЖ басқарма жетекшісі оставкаға кетті

Гавайи штатында алапат өрт болған Мауи аралының төтенше жағдайлар басқармасының жетекшісі оставкаға кетті.

Өйткені тілсіз жаудан кейін оның жұмысына қатысты сын көбейді. Соның бірі алдын ала ескерту дабылдарына қатысты. Аралда 400-ге жуық осындай құрылғы орнатылған екен. Алайда апат кезінде іске қосылмапты. Қазір Лахайна қаласындағы ахуал күрделі. 13 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекенде көптеген ғимарат жермен-жексен болды. Соңғы мәлімет бойынша, 111 адам қаза тапқан. Тағы жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл Гавайи тарихындағы ең алапат табиғи апат.