Германияның оңтүстігінде нөсер жауын толастамай тұр

Әсіресе Нюрнберг қаласындағы жағдай күрделі.

Мұнда қоғамдық көліктің қозғалысы тежелген. Пойыздар кешігіп жатыр. Жерасты өткелдерін су басқан. Бұған дейін Майндағы Франкфурт қаласын да су басқан еді. Табиғат апаты салдарынан жүзге жуық әуе рейстері кейінге шегерілді.