АЭС суын мұхитқа төгу төңірегіндегі дау
«Фукусима-1» атом электр станциясына қатысты ереуілдердің басылатын түрі жоқ.
Бұл жолы наразылық акциясы Токиода өтті. Жапон билігі атом электр станциясында жиналып қалған бір жарым миллион тоннадай суды мұхитқа ағызып жіберуге ниетті. Ол су 2011 жылғы цунамиден кейін реакторларды суыту үшін қолданылған. Жоспар осы айдың соңында іске асуы тиіс. Бірақ бұған Қытай мен Оңтүстік Корея тарапы қарсы. Жапондықтардың өздері де бастаманы құптамай отыр. Өйткені бұл қоршаған ортаға кері әсер етеді деп санайды. Сол себепті қытайлықтар Жапониядан келетін теңіз өнімдерінің импортына шектеу енгізді. Бірақ Токио билігі судың арнайы тазартуадан өткенін, демек қауіпсіз екенін айтады. Мұны тексеру жүргізген Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік мамандары да растап отыр.
Блиц:
- Бұл тек жапондықтардың ғана проблемасы емес. Лас судың мұхитқа төгілуі бүкіл әлем үшін қауіпті. Біз бұған жол бермеуіміз керек.
- Біз ядролық апатты бастан кешкен халықпыз. Сондықтан мұның қаншалықты қауіпті екенін өзгелерге жеткізгіміз келеді. Билік су тазартудан өтті дейді. Бірақ бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденген жоқ.