Солтүстік полюсте жазғы марафон өтті
Ол Норвегияның Шпицберген архипелагында ұйымдастырылған.
Шараға оннан аса адам қатысты. Арасында АҚШ-тан келген жеткіншек те бар. Қатысушылар 16 шақырым қашықтықты еңсерді. Бірақ бұл оңай болмағанын айтады. Өйткені өңірде күн жылы болып, қар ери бастаған. Онымен қоса мұздың ойылып кету қаупі де артқан. Сол себепті марафон қатысушыларына құтқару жилеттерін киіп жүгіруге тура келді.