Германияда миды зерттеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Германия ғалымдары ми ауруларын диагностикалаудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Атап айтқанда бұл тәсіл арқылы Альцгеймер және инсульттің алдын алуға болады. 30 нейробиологтан тұратын топ бұл нәтижеге 4 жылдық зерттеуден кейін қол жеткізген. Адам ағзалары мен сүйектерін анық көру арқылы диагностика бас сүйегі мен ми құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді. Ғалымдар енді ми ауруларын ерте анықтап емдейміз деп отыр.