Канадада төтенше жағдай жарияланды

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында төтенше жағдай жарияланды.

Билік өңірде өршіп тұрған орман өртіне байланысты осындай шара қабылдады. Бірқатар қаланы толығымен эвакуациялау керек. Қазіргі кезде 25 мың адам қауіпсіз жерге көшіртілді. Елдің солтүстік-батысында 230 өрт ошағы тіркеліп, от 165 мың гектарға тарап кетті. Йеллоунайф қаласының тұрғындары үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Жалын қалаға қарай жақындап қалған соң, жергілікті билік шұғыл эвакуация туралы бұйрық берді.