Мексиканың оңтүстігінде «Хилари» дауылы әлек салуда

Мексиканың оңтүстігіндегі Кабо-Сан-Лукас курортты қаласында «Хилари» дауылы соғып, әлек салды.

Күшті жел мен жауын-шашын аймақтағы тіршілікке үлкен зардап әкелген. Бүгін кешке дауыл Калифорния түбегіне жетуі мүмкін. Сосын әрі қарай солтүстікке қарай бет түзейді деген болжам бар. Метеорологтар америкалықтарды су тасқынына дайындалуға шақырды. «Ол үшін Тынық мұхитының жағасына құм салынған қаптардан бөгет тұрғызу қажет», - дейді мамандар.