Францияда тағы аптап ыстық орнады
28 департамент аумағында қауіп-қатердің «қызғылт-сары» деңгейі жарияланды.
Мамандар кейбір аймақта сынап бағанасы 40 градустан асуы мүмкін деп ескертеді. Оның үстіне мұндай ыстық бірнеше күнге созылады. Қазір қалаларда далада көп адам жүрмейтін болған. Сонда да билік тұрғындарға үйде болуға және суды көп ішуге шақырып отыр.