Израильде жүз мыңнан астам адам наразылыққа шықты
Израильде 8 ай бұрын басталған наразылық әлі басылар емес.
Бұл жолы сот реформасына қарсы бас көтерген жүз мыңнан астам адам көшеге шықты. Үкімет ғимараттары орналасқан аудандағы көлік қозғалысы мүлде тоқтады. Полиция мен дәрігерлерде ұйқы жоқ. Олар күні-түні кезекшілікте жүр. Ереуілшілер билік ұсынған реформа осыған дейін тәуелсіз болып келген сот жүйесін әлсіретеді деп есептейді. Наурызда премьер-министр Биньямин Нетаньяху даулы құжатты тоқтатып, оппозициямен келіссөз жүргізе бастап еді. Бірақ парламент өткен айда атышулы заң жобасын қабылдап жіберді. Ол бойынша соттарға үкімет пен министрлер шешімін тексеруге тыйым салынады.