Ресейдің Айдағы миссиясы сәтсіздікке ұшырады
Ресейдің кейінгі 47 жылда алғаш рет жасаған миссиясы сәтсіз аяқталды.
«Луна-25» ғарыш кемесі бақылаудан шығып, айға барып соғылған. Бұл туралы «Роскосмос» корпорациясы хабарлады. Аталған миссия айдың бетіне қонып, ертеңнен бастап оңтүстік полярға зерттеу жүргізуі керек еді.