Испаниядағы өрт ие берер емес
Испанияның Тенерифе аралындағы өрт ие берер емес.
Билік 26 мың адамды шұғыл қауіпсіз жаққа көшірді. Табиғи апат 11 қаланың тұрғындарына зардабын тигізді. Шілде айынан бері Испанияда күн қатты ысып, құрғақшылық пен өрт туғызды. Ғалымдар «қолайсыз ауа райына климат өзгерісі әсер етті», - дейді.
Себастиан Грилло, жергілікті тұрғын:
- Мұндай алапат өртті өмірімде бірінші рет көріп тұрмын. Таулар ағашынан ажырап, жалаңаштанып қалды. Табиғатқа обал болды. Адамдарға да оңай тиіп жатқан жоқ.