Берлинде балмұздақ фестивалі басталды
Ұйымдастырушылар тоңазытқыштағы тәттінің жүзден астам түрін ұсынды.
Қант пен глютень қосылмаған балмұздақ та осында. Қазір Германия астанасында сынап бағанасы 30 градустан асқан. Сондықтан болар, тәтті өнімді алуға ұзын-сонар кезек қалыптасты. Бірақ фестиваль аумағына кіру ақылы. Тілек білдірушілер 4 еуро төлеуге тиіс. Билеттер онлайн да сатылып жатыр. Қазірдің өзінде 2 мыңнан астамы сатылып кеткен. Фестивальдің бірінші күнінде келушілер қатары 5 мыңнан асады деген болжам бар.