АҚШ-қа «Хилари» дауылы таяп қалды

Мексикада ойран салған "Хилари" дауылы АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния аймағына келе жатыр.

Осыған байланысты жергілікті тұрғындар жаппай азық-түлік алып қамдануда. Кәсіпкерлер дүкендердегі сөрелердің босап қалғанын айтады. Бұл өңірде 1939 жылдан бері қатты дауыл соқпаған көрінеді. Метеологтар күшті жел жауын-шашын әкелуі мүмкін деп болжайды. Су тасқынын бөгеу үшін жағаға құм салынған қаптар қойылуда.