Бразилияда жанкүйерлер мінген автобус аударылып, 7 адам қаза тапты
Бразилияда футбол жанкүйерлері мінген автобус аударылды.
Салдарынан 7 адам қаза тапты. 30-дан астам адам жарақат алды. Жолаушылардың айтуынша автобустың тежегіші істен шыққан. Қазір апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Ел Президенті Лула да Силва қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.