Трамп сайлауалды дебатқа қатысудан бас тартты
Дональд Трамп келесі аптада өтетін республикалық сайлауалды пікірталастың бірінші раундына қатысудан бас тартты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың экс-президенті мұның еш мәні жоқ, деген. Өйткені, сауалнама нәтижесі бойынша, ол өз партиясының басқа кандидаттарынан оқ бойы озып тұр. Республикашылардың 60 процентінен астамы Трамптың кандидатурасын қолдайды, дейді ВВС. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та 2024 жылы президенттік сайлау өтеді. Қос партия өз кандидаттарын ұсынуы тиіс.