Эквадорда президент сайлауы басталды
Эквадорда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі өтті.
Экзит-полдың нәтижелері бойынша социалист Луиза Гонсалес әзірге көш басында келеді. Сайлаудағы қауіпсіздікті 100 мыңнан астам полиция қамтамасыз етті. Себебі бұған дейін айдың басында өткен жиында президенттікке үміткер Фернандо Вилла-Висенсионы белгісіз біреулер атып өлтірді. Бұрынғы журналист және сыбайлас жемқорлықпен күрескен ол оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал бұл жолы кандидаттың бірі дауыс беруге оқ өтпейтін сауыт киіп келген. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, бұл жолы бәрі тыныш. Сайлаудың екінші кезеңі 15 қазанда өтеді.