Фукусима суын мұхитқа ағызу жоспарланды
Жапония билігі Фукусима атом электр станциясынан миллионнан астам текше метр тазартылған суды мұхитқа ағызуды көздеп отыр.
Аймақта балық аулау маусымы қыркүйекте басталады. Соған дейін үлгеру керек. 2011-ші жылы алапат жер сілкінісі мен цунами салдарынан Фукусимадағы атом электр станциясының суыту жүйелері қираған еді. Апаттан кейін ондағы резервуарларда бір миллион тоннаға жуық радиоактивті су жиналып қалған. Ол реакторларды салқындату үшін қолданылған. Ел үкіметі суды мұхитқа төкпес бұрын сүзіліп, радиоактивті элементтерден тазартылады дегенді алға тартады. Алайда Қытай мен кей көрші елдер бұл шешімге қарсы. Олардың айтуынша, суда әлі де радиоактивті заттар бар болуы мүмкін.