Испанияда орман өрті өршіді

Испанияда орман өрті өршіді

Испанияның Тенерифе аралында орман өрті өршіп тұр.

Жалын елді мекендерге таяп қалғандықтан, 12 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Әсіресе Ла-Виктория елді мекенінде жағдай күрделі. Өрт сөндірушілер жергілікті тұрғындардың мүлкін сақтап қалу үшін тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Ғаламдық жылынудың кесірінен әлемде соңғы жылдары орман өрттері жиілеп кетті.