Еуропада газ бағасы өсті
Еуропаның биржа алаңдарында газ бағасы көтерілді.
Қазір көгілдір отынның 1 мың текше метрі 480 доллардан саудаланып жатыр. Лондон биржасының дерегі бойынша өсім 16 пайызды құрайды. Сарапшылардың айтуынша, бағаның көтерілуі Австралиядағы сұйытылған табиғи газ зауыттарындағы ахуалмен байланысты. Бұған дейін Теңіз газ платформаларының кәсіподақтары қыркүйекте ауқымды шеру өткізетінін жариялаған еді. Bloomberg-тің болжамына сәйкес жұмысшылардың жаппай ереуілі әлем бойынша сұйытылған табиғи газ экспортына әсер етеді. «Ал бұл газ бағасының күрт қымбаттауына әкеледі», - дейді мамандар. Айта өтейін, Австралия - әлемдегі ең ірі сұйытылған табиғи газ экспорттаушы мемлекет саналады.