Гонконг Жапониядан теңіз өнімдерін әкелуге тыйым салды
Гонконг Жапониядан балық пен теңіз өнімдерін әкелуге тыйым салды.
Бұл шектеу 10 префектураға қатысты болмақ. Арасында Токио мен Фукусима бар. Осындай шара қабылдауға Жапония билігінің радиоактивті суды мұхитқа ағызу жоспары себеп болған. Жалпы Гонконг теңіз өнімдерінің 15 процентін Жапониядан импорттайды. Алайда жергілікті билік өкілдері тапшылық болмайды. Қажет болса, оны Испания, Франция, Оңтүстік Африка мен Австралиядан жеткіземіз деп сендірді.