Сирияда жүздеген адам шеруге шықты
Сирияның Сувейда қаласында жүздеген адам шеруге шықты.
Олар осылай жанармайдың қымбаттауына наразылығын білдірді. 10 жылға жалғасқан азамат соғысынан кейін Сирия ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп отыр. Ұлттық валютасы да құнсызданып, 1 доллардың бағамы 15,5 мың сириялық фунтқа жетті. Соғысқа дейін 1 доллар 47 фунт тұратын.