Түркияда ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Ал Түркияның Чанаккале провинциясында орманды алқаптан шыққан өрт елді мекендерге жетті.

Қазір 6 ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Таулы аймақ өрт сөндіруге кедергі келтіріп тұр. Қауіпсіздік шаралары қолға алынып, жолдар жабылды. Екі тікұшақ жұмылдырылып, өрт сөндірушілер суды теңізден және жақын маңдағы су қоймасынан алып жатыр.