Еуроодақ Грекияға көмек жіберді
Еуроодақ орманы отқа оранған Грекияға өрт сөндіретін бірнеше ұшақ пен арнайы техника жіберді.
Сондай-ақ ұйымның азаматтық қорғаныс жүйесі арқылы «кәрі құрлықтың» 6 елі - Румыния, Чехия, Хорватия, Германия, Сербия мен Кипр Афинаға өрт сөндірушілерді және қажетті көмекті жолдады. Грекияның солтүстік-шығысындағы қазіргі жағдай өте қиын. Түркия шекарасына жақын Дадия қорығында 26 мигранттың денесі табылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 41 градустық аптап ыстық кедергі жасап тұр.
Балаш Уйвари, Еурокомиссияның ресми өкілі:
- Грекияға Кипрден 2 өрт сөндіру ұшағын, Румниядан 56 өрт сөндіруші мен 10 техника, Хорватия, Германия мен Швециядан 5 өрт сөндіру ұшағы мен бір тікұшақ және Чехиядан 58 өрт сөндіруші мен 9 цистерна жібердік. Еуроодақтың жерсерігінен картаға түсіретін «Коперникус» бағдарламасымен зардап шеккен аудандардың картасы әзірленді.