Еурокомиссия вице-президенті қызметінен кетті
Еурокомиссия вице-президенті Франс Тиммерманс қызметінен кетті.
Ол Нидерландтағы кезектен тыс өтетін парламент сайлануына қатысуға ниет білдіріп отыр. Осылайша Тиммерманс Социал-демократтар мен «жасылдардың» бірлескен одағына жетекшілік етіп, қазіргі премьер-министр Марк Рюттеге қауіпті қарсылас болғалы тұр. Ол Урсула фон дер Ляйен кабинетінде 2019 жылдан бері жұмыс істеді. Еурокомиссия президенті өз орынбасарының қызметтен кету туралы өтінішін қабылдады. Айта кетейік, Нидерландтағы парламент сайлауы 22 қарашада өтеді.