Кино өндірісі дағдарыста
Әлемдік кино өндірісі терең дағдарысқа тап болды.
"Еуроньюстің" хабарлауынша, 2023 жыл блокбастерлердің соры арылмаған жылға айналды. "Барби" мен "Оппенгеймерден" басқа фильмдердің барлығы өз шығынын ақтамаған.
Сарапшылар бұған ғаламдық экономикалық қиын жағдай әсер етіп отыр дейді. Күнкөріс ауырлаған соң, ойын-сауық кейінге ысырылып қалды. Ал кинотеатрларға билет құны күн санап аспандап барады. Көпшіліктің оны алуға шамасы жоқ. Келесі жылғы жағдай бұдан да қиындауы мүмкін. Голливудта сценарийстер мен актерлердің наразылық шеруі әлі аяқталған жоқ.