Пригожин мінген ұшақ апатқа ұшырады
Ресейдің Тверь облысында "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ апатқа ұшырады.
Алдын ала ақпарат бойынша, 10 адам көз жұмған.
"Росавиация" мекемесі жолаушылар тізімінде Пригожиннің де есімі барын айтады. Бірақ әзірге оның қаза тапқаны туралы ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Құтқарушылар іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Ұшақ Мәскеуден Санкт-Петерборға бара жатқан. Ресейлік ақпарат құралдары Пригожин Малидегі сапардан қайтып келе жатқан дейді.