БРИКС құрамы кеңейеді
БРИКС-ке мүше елдер, ұйым құрамына, жаңа елдерді қосу туралы ережені реттейтін құжатты бекітті.
Бұл Йох-Аннес-бургтегі саммитте қаралған басты мәселе болатын.
Бүгін – жиынның соңғы күні. Жалпы БРИКС-ке қосылуға 40-тан астам мемлекет ниет білдірген, соның 20-ға жуығы осы жолы өтініш берді. Олардың арасында Сауд Арабиясы, Индонезия мен Мысыр бар.