Санкциядан сытылу немесе Қытайдың құпия желісі
Қытай компаниясы АҚШ салған санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік беретін құпия желі құрып жатыр.
Жаңа жүйе, чип өндіру ісіне жауап береді.
Бұл туралы Блум-берг агенттігі жазды. Жартылай өткізгіштер өндірісін қолдау мақсатында ресми Бейжің 30 миллиард доллар бөлмек.
Осының алдында Ақ үй өзі сенімсіз деп санаған кейбір елдердегі озық технологияның дамуын тежеу үшін чиптер экспортына қатаң шектеу енгізген болатын. Қытай билігі "бұл Дүниежүзілік сауда ұйымының ережесін бұзады" деп қарсылық білдірді.
Шектеулерден АҚШ-тың өзі де, зардап шекті. Бірқатар компанияның акциясы құлдырады. "Мак-Кинзи" консалтик компаниясының есебіне сүйенсек, 2030 жылға қарай чип сатудан 1 триллион доллар түсуі мүмкін. Өйткені әлем бойынша электроника қарқынды дамуда. Әлемдегі чиптердің 60 пайызын Тайвань өндіреді. Ал АҚШ-тың үлесі – 12 пайыз.