Кедейлер шеруі

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған адам шеруге шықты.

Ереуілшілер үкіметтен дағдарысқа қарсы тиімді күрес жүргізіп, халықтың жағдайын жақсартуды талап еткен.

Сарапшылар қазіргі билік басындағыларға қиын тиіп жатқанын айтады. Өйткені қазан айында елде парламенттік сайлау өтуге тиіс.

Аргентинада жылдық инфляция деңгейі 113 пайызға өскен. "Джи-Пи Морган" қаржы мекемесі жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 190 пайызға жетуі мүмкін деп болжайды. Қазір халықтың 40 пайызы кедейшілікке тап болып, әрең күн көріп жүр.

- Жағдайдың қаншалықты ауыр екендігіне 2 мысал келтірейін. 1 келі қант – 1000 песо тұрады. 1 келі нанның бағасы да – 1000 песо. Ал үкіметтің беріп отырған жәрдемақысы – 52 мың песо. Бұл 5-ақ күнге жетеді.