Белсенділер Еурокомиссияны сотқа береді
Климатты қорғау жөніндегі белсенділер Еурокомиссияны сотқа бермек.
Өйткені халықаралық мекеменің зиянды қалдық көлемін 55 пайызға дейін қысқарту мақсаты жеткіліксіз және ЕуроОдақтың экологиялық заңнамасына сәйкес келмейді.
Экологтар аталған межені 65 пайызға дейін жеткізу керек деп есептейді. Белсенділер Еурокомиссияға 16 апта мұрсат берді. Осы мерзімде зиянды қалдықты қысқарту мақсаты өзгермесе, Еурокомиссия Люксембургтегі Сотта жауап береді.