НАСА Ресейдің ғарышкерін ұшырды
SpaceX компаниясы кезекті рет өзінің әуе кемесін ғарышқа ұшырды.
Фэлкон 9 ((Falcon 9)) зымыран тасығышы бүгін Флоридадағы ғарыш айлағынан көкке көтерілді.
Экипаж құрамы 4 адамнан құралған. Олар АҚШ, Дания, Жапония және Ресей елдерінің ғарышкерлері. НАСА келтірген мәлімет бойынша олар Халықаралық ғарыш станциясында жарты жыл уақытқа қалады. Осылайша наурыз айынан бері ғарышта жүрген астронавтарды алмастырып, станция бортында түрлі зерттеулер мен ғылыми тәжірибелер өткізеді.