Дауыл мен жаңбыр Тбилисидің астаң-кестеңін шығарды
Грузия астанасы Тбилисиде өткен күні дауыл мен толассыз жауған жаңбырдан су тасып, шаһардың астан-кестеңін шығарды.
Бірнеше сағат бойы тоқтаусыз жауған жаңбырдан қала көшелерін лезде су басып кетті. Кей метроларда су төбеге дейін жеткен. Ал дүлей жел талдар мен электр бағаналарын сындырып, құлатып, шаһардың кей аудандары жарықсыз отыр. Қаладағы барлық құтқару қызметтері табиғат апатының салдарымен күреске жұмылдырылған. Аймақта лай көшкіні қауіпі күшейген.