Венеция кинофестивалі басталды

Венецияда 80-мерейтойлық кинофестиваль басталды.

Іс-шараның ашылу салтанаты Венеция лагунасындағы Лидо аралында өтіп жатыр. АҚШ-тағы ереуілдің жалғасуына қарамастан, фестивальге бірнеше Голливуд актері қатысады. Кәсіподақтар оларға фильмдерін насихаттау үшін арнайы жеңілдіктер берді. Бұл байқауда халықаралық қазылар алқасы негізгі байқауға енген 23 кинокартинаны бағалауы тиіс.