Тәжікстанда сел көшкінінен қаза тапқандар саны артты
Тәжікстанда өткен жексенбі күні жүрген сел мен лай көшкінінен қаза болғандардың саны 21-ге жетті.
Бұл туралы осы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті хабарлады. Жалпы толассыз жауыннан туындаған табиғат апатынан 9 қала мен бірнеше аудан жапа шекті. Әсіресе Вахдат ауданына көп шығын келген. Онда селден ондаған үй қирап, бүлініп, жолдардың көбін су шайып кеткен. Марқұмдардың көбі осы ауданның тұрғындары.