Үндістан ұшырған аппарат Айдан химиялық элементтер тапты
Үндістанның Айды зерттеуге кіріскен "Прагьян" ғарыш аппараты оның бедерінен бірқатар химиялық элментті тапты.
Олардың ішінде күкірт, алюминий, кальций, темір, хром, титан, марганец, кремний және оттегі бар. Еске сала кетейік, Үндістанның бұл аппараты Айға тамыздың 23-і күні қонған. Ол жер серігінде 14 күн бойы жұмыс істейтін болады. Зонд аспан денесіне оның топырағын зерттеп, онда тектоникалық өзгерістер болған болмағанын анықтау үшін аттандырылған.