Түркия Жеңістің 101 жылдығын атап өтті
Осыдан бір ғасыр бұрын ел көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік батыс басқыншылығына қарсы шайқаста жауды тізе бүктірді.
Сондықтан бұл күн 1926 жылдан бері ресми мейрам ретінде тойланып келеді.
Бұл күні түрік халқы шайқаста қаза тапқандарды еске алып, салтанатты шараларда бас қосады. Биыл да дәстүрден жаңылмады.
Мейрам Анкарадағы Анытқабір мавзолейінеде бастау алып, 81 провинцияның қала орталығындағы шерумен жалғасты. Ыстамбұлдағы Истиклал көшесі 1000 ал-қызыл байрақпен безендірілді.
Селжук Нар, Анкара тұрғыны:
- Жеңіс күні біз үшін аса маңызды. Осы себепті отан үшін отқа түскендерді еске алып, Ататүрікті зиярат етіп, құрмет көрсеттік. Бір ғасыр бұрын, әлемде ешбір күшке бас имейтіндігімізді дәлелдедік. Бүгін де тап солай. Ұлыммен бардым. Бүгінгі күннің біз үшін мәні де, орны да айырықша.