"Идалия" АҚШ-ты әбігерге салып жатыр

"Идалия" дауылы АҚШ тұрғындарына орасан зор зардап әкелді.

Желдің екпіні сағатына 125 шақырымға жеткен.

Флорида штатында 280 мыңнан астам үй мен бизнес нысаны, ал Джорджия штатында 160 мың тұрғын жарықсыз қалды. Бұған дейін су тасқынының жүруіне байланысты миллиондаған америкалық қауіпсіз жаққа көшуге мәжбүр болған еді.

Бір ғана Флорида аймағына келген шығын 10 миллиард долларға жуықтап қалған. 

Рон Десантис, Флорида штатының губернаторы:

- "Идалия" - өте күшті дауыл. Кейбір аймақтарда су деңгейі 5 метрге дейін көтерілу қаупі төніп тұр. Біз адам өміріне сақ болуымыз керек. Тұрғындарға әзірге далаға шықпауға кеңес береміз.