ОАР-да тұрғын үй өртінен 74 адам көз жұмды
Оңтүстік Африка Республикасының ең ірі қаласы Йоханнесбургте 5 қабатты ғимарат өртеніп, 74 адам ажал құшты.
Қаңырап бос тұрған үйді жұмыссыз, баспанасыз жандар паналаған. Арасында 7 бала бар. 50-ден астам кісі жараланды. Іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Сондықтан билік құрбандар қатары артуы мүмкін деп ескертті. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Сирил Рамафоса, ОАР президенті:
"Бұл жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырып жіберді. Осы өрттен зардап шеккен тұрғынға барлық материалдық көмек көрсетіледі. Тергеу амалдары көп нәрсенің мән-жайын әділ анықтап, мұндай қасіреттің қайталанбауына себеп болады деп сенемін".