Корея президенті Фукусимадан әкелінген шаянды жеп көрсетті
Сеул халқын балық етінің сапасы алаңдатады.
Бірнеше азаматтық топ мүшелері Жапонияның Фукусима атом электр станциясынан тазартылған радиоактивті суды ағызу туралы шешіміне тағы да қарсы шықты. Алайда мемлекет басшысы Юн Сок Ёль бұл пікірмен келіспейді. Ол ел астанасындағы балық базарына барып, өнімдердің қауіпсіз екеніне көз жеткізді. Буға пісірілген көк шаяндарды жеп көрсетті. Президенттің айтуынша, халықтың алаңдауына себеп жоқ.